Каспий итбалығы Индерборға жетуі мүмкін бе? ВИДЕО
Әлеуметтік желілерде Индер ауданына қарасты Жетінші ауылдың су басқан аумақтары арқылы итбалық өтіп бара жатқанын көрсететін видео таралуда.
Әлеуметтік желіде Индер ауданына қарасты Жетінші ауылдың су басқан аумақтары арқылы итбалық өтіп бара жатқанын көрсететін видео таралып жатыр
Итбалық Жайық өзенінің жоғарғы ағысына шығып, Индер ауданына жетуі мүмкін бе? «AZ» бұл сауалды Каспий итбалықтарын зерттеу мен құтқаруға арнаған Қазақстандағы ресми эко-елші, Алматыдағы Гидробиология және экология институтының ғылыми қызметкері Әсел БАЙМҰҚАНОВАға қойды.
«Тарихи деректерге сүйенсек, Каспий итбалығы бұрын Жайық өзенімен 200 шақырымға дейін көтеріле алатындығы туралы деректер бар. Сондықтан қазір қатты су тасқыны болып жатқанын ескерсек, бұл мүмкіндікті жоққа шығаруға болмайды. Алайда, бұл ақпарат егжей-тегжейлі зерттеуді қажет етеді және Қазақстан Республикасындағы Каспий итбалығы мемлекет қорғауында екенін ескерсек, жергілікті табиғатты қорғау органдарының өкілдері оқиға орнына барып, деректердің дұрыстығын тексеруі қажет. Десе де, видеодағы жануардың түрі күмән тудырады, сондықтан біз өзіміз уәкілетті органдардың ресми растауын күтіп отырмыз», - деді зерттеуші.
Дереккөз: lada.kz