Tesla шабуыл астында: АҚШ-та электрокарлар өртеліп жатыр, акциялар құлдырады, Маск абыржыды
Tesla компаниясы АҚШ-тағы ірі әлеуметтік және саяси дағдарыстың ортасында қалды. мәліметінше, Орегон, Иллинойс, Техас және Массачусетс сияқты жеті штатта зарядтау станцияларын өртеу, автосалондарға шабуыл жасау және Tesla көліктерін бұзу оқиғалары тіркелген.
Бұл наразылықтар сатылымның күрт төмендеуі, өнім сапасына қатысты мәселелер, Илон Масктың саяси белсенділігі мен Дональд Трамп әкімшілігімен жақындасуы аясында өрши түсті.
2024 жылдың желтоқсанынан бері Tesla акциялары 51%-ға құлдырады. Сонымен қатар, компания 46 000 Cybertruck көлігін кері қайтарып алды — себебі қозғалыс кезінде шанақ панельдері түсіп қалуы мүмкін. Бірқатар техникалық және қаржылық шағымдар бойынша тергеулер жүріп жатыр.
Илон Маск наразыларға ашық үндеу жасады:
«Сатып алғыларың келмейтінін түсінемін. Бірақ оларды өрттемеңдер. Ақылдан адаспаңдар!»
АҚШ әділет министрі Пэм Бонди бұл жағдайды «ішкі терроризм» деп атады, ал Дональд Трамп вандализмді Капитолийге жасалған шабуылмен салыстырды:
«Tesla-ға қарсы болып жатқан жайттар — 6 қаңтардан да сорақы.»
Әлеуметтік желілер мен Amazon-да жаңа тренд таралуда: «Мен бұны Илон есінен танбай тұрып сатып алғанмын» деген жазуы бар стикерлер Tesla көліктері мен тауарларына жапсырылуда.
Наразылық пен брендке қарсы бойкот тек АҚШ-пен шектелмей, Еуропаға да жетті — кейбір нарықтарда, соның ішінде корпоративтік клиенттер арасында, Tesla электромобильдеріне деген қызығушылық төмендеп жатыр.
Осы шиеленісті жағдайда Илон Маск қызметкерлері мен инвесторларын акцияларын сатпауға шақырып, «жарқын болашақ» уәде етуде.
Tesla-ның жағдайы қиындағанымен, SpaceX Маскқа бедел әкеліп жатыр — әсіресе Марсты игеру мен жаңа ғарыштық бағдарламалар шеңберіндегі ұшырылымдар саласында.
Редакция басқа көздерден алынған, жіберілген немесе алынған материалдардың мазмұны мен дұрыстығына жауапты емес. Мұндай материалдарды жариялау тек ақпараттық мақсаттарға арналған және олардың мазмұнын автоматты түрде растауды немесе мақұлдауды білдірмейді.