Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды
Тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) ресми сайтында хабарланды.
Тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) ресми сайтында хабарланды.
Жарияланған мәліметтерге сәйкес, ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы болып ұлттық қауіпсіздік полковнигі Әміров Серік Әмірұлы тағайындалды. Ол бұл қызметте Бақытжан Валениязовты ауыстырды.
Серік Әміров бұл қызметке тағайындалғанға дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Дереккөз: lada.kz